Инвестициялық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын орындау туралы баспасөз туры

14 сентября 2018

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «ӨзенЖылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Инвестициялық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын орындау туралы баспасөз туры.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, 2018 жылғы 13 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдарының, жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен «ӨзенЖылу» МКК-ның объектілеріне бару арқылы 2015-2019 жылдарға бекітілген Инвестициялық бағдарламаны және басқа да жөндеу жұмыстарын іске асыру барысын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен баспасөз-турын өткізді.

«ӨзенЖылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны заңды тұлға ретінде 2005 жылдың 16 қаңтарында құрылды.

Кәсіпорын – көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарын, өндірістік және өндірістік емес, коммерциялық құрылымдарды жылу энергиясымен, ыстық сумен қамтамасыз етеді.  Сонымен қатар, орталық жылу жүйесіне қосылмаған «Рахат», «Арай» және «Теңге» елді мекендердегі мектептермен балабақшалардың қазандықтарына қызмет көрсетеді. Кәсіпорын қарамағындағы жылу желілерінің ұзындығы 192,32 шақырымды құрайды.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің түрлері: 

  • Жылу энергиясын өндіру ;
  • Жылу энергиясын беру, тасымалдау және бөлу;
  • Ыстық суды жеткізу, бөлу.

«ӨзенЖылу» МКК-ның өндірістік орындар құрамына:

  • Орталық жылу қазандығы;
  • Аудандық жылу қазандығы;
  • Өзен бекетіндегі жылу қазандығы;
  • Ауданаралық медицина орталығының жылу қазандығы;
  • Қызылсай кентіндегі жылу қазандығы;
  • Сыртқы жылу желілері.

Қазақстан Республикасы ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен  негізгі қызмет түрлеріне арналған 2015-2019 жылдарға инвестициялық бағдарлама негізінде, шекті деңгейлі тарифтері бекітілді.

Тарифтердің шекті деңгейін бекіту – материалдық-техникалық базаның нығаюына, екі және оданда көп жылдар аралығында тарифтің бір деңгейінің өзгеріссіз қалуына және көрсетілетін қызметтер сапасының артуына мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның шекті деңгейлі тарифтері келесідей: 

  • Жылу энергиясын өндіру – 2053,04 теңге (ҚҚС-сыз);
  • Жылу энергиясын беру, тасымалдау және бөлу – 526,18 теңге (ҚҚС-сыз);
  • Ыстық суды жеткізу, бөлу – 358,17 теңге (ҚҚС-сыз).

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Маңғыстау облысы бойынша департаментінің 2015 жылғы сәуір айының 03-жұлдызындағы №37-НҚ бұйрығы негізінде, 2015-2019 жж. аралығында инвестициялық бағдарлама жобасы бекітілді.

Инвестициялық бағдарламаның жүзеге асыру бағыттары:

  • Кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін арттыру;
  • Тиісті кезеңге жүйелерді қалпына келтіруге, жаңғыртудың салалық немесе жергілікті бағдарламалардың бекітілген көрсеткіштері мен индикаторларына қол жеткізуге;
  • Энергия үнемдеуді қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға, жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыру.

Инвестициялық бағдарламының негізгі іс-шаралар жоспарының тізімі:

  • Жылу қазандықтарын ауыстыру;
  • Сорғы жабдықтарының паркін ауыстыру, қазандықтардың технологиялық жабдықтарын жөндеу және жаңғырту;
  • ППУ жылу оқшаулау құбырларының қорын сатып алу;
  • Инновациялық өрт сөндіру қондырғыларын орнату.          

Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру көздері кәсіпорынның иелігінде қалған амортизациялық аударымдар мен пайданың есебінен қалыптастырылған меншікті қаражат болып табылады.

Инвестициялық бағдарлама жобасы арқылы кәсіпорынның қаражаты есебінен негізгі өндірістік нысандардың және қолданыстағы қазандықтардың технологиялық жабдықтардың тозуы себепті қайта жаңарту мен жаңғыртуға  жалпы сомасы 194,0 млн.теңге жоспарланды. Инвестициялық бағдарлама жобасы аясында кезең-кезеңімен технологиялық жабдықтарды және қазандықтарды ауыстыру, экономайзер, деаэратор, желілік және азықтандыру сорғылары, жылуалмастырғыштар, газ қыздырғыштары, контакторлар, мотор, төтенше резервін сатып алу, құбырлар және көлік құралдарын, өртке қарсы жабдықтарды алуға  мүмкіндіктер туады.

2015 - 2019 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны іске асырудың экономикалық тиімділігі:

«ӨзенЖылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының инвестициялық бағдарламасының іске асырылуы: жылумен қамтамасыз етудің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыру, электр қуатының шығындарын төмендету; жылу энергиясын өндіруде негізгі жабдықтарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

Инвестициялық бағдарламаның тиімділігінің көрсеткіштері:

- таза төмендетілген кіріс (NPV) = 10 030 мыңтеңге;

- инвестициялық индекстің кірістілігі (PI) = 1.42;

- ішкі кірістілік коэффициенті (IRR) = 21,10%;

- өтеу мерзімі (RR) = 4.72 жыл.

 

«ӨзенЖылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының күрделі қаржылық салымдары.

Бағдарламаны іске асыру мерзімі - бес жыл. Кіріс жабдығына арналған күрделі шығындар кәсіпорынның маркетингтік зерттеулерінің негізінде қабылданады. Инвестициялық жобаны іске асыру үшін қаржы ресурстарына деген қажеттілік тек 194,007 млн теңгені құрайды, оның ішінде:

  • 2015 жылы – 37,499 млн.теңге;
  • 2016 жылы – 56,422 млн.теңге;
  • 2017 жылы – 39,123 млн.теңге;
  • 2018 жылы – 42,221 млн.теңге;
  • 2019 жылы – 18,741 млн.теңге.

Инвестициялық бағдарламаны іске асырудың 1-ші жылының қорытындысы бойынша, яғни 2015 жылы кәсіпорын инвестицияларға 42 526,44 мың теңге жіберді, ол жоспардан 5 026 мың теңгеге артық, яғни 113,40 пайызға толықтай орындалды. Жоспарланған сомадан ауытқуы себепті, қазіргі нарық жағдайында технологиялық құрал жабдықтардың құнының жоғарылауы болып табылады.

2016 жылы кәсіпорын инвестицияларға 63 402,49 мың теңге жіберді, ол жоспардан 6 979,62 мың теңгеге артық, яғни 112,37 пайызға толықтай орындалды.

Ал, инвестициялық бағдарламаны іске асырудың 3-ші жылының қорытындысы бойынша, яғни 2017 жылы кәсіпорын инвестицияларға 27 649,40 мың теңге жіберді, яғни 70,67 пайызға орындалды. Жоспарланған сомадан ауытқуы себепті, инвестициялық бағларламаға салынған құрал-жаблықтарды сатып алу кезіндегі ұту бағасына сәйкес түсіндіріледі.

Кәсіпорынның орындалған инвестициялық бағдарламасының нәтижелері бойынша мыналарға қол жеткізілді:

  • авариялық істен ажыратулар мен жылу жабдықтаудың сапасына шағымның болмауы;
  • арнайы техниканы жалға алу шығыстарының қысқаруы;
  • технологиялық құрал-жабдықтардың жаңаруы.

Кәсіпорын қызметінің перспективалары.

2018 жылы кәсіпорын 42 221 мың теңгеге инвестициялық бағдарламаны игеруді жоспарлап отыр. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру шеңберінде тозығы жеткен құбырларды қайта жаңарту, жаңғырту, сондай-ақ қаланың жылу желілерін жұмысқа жарамды жағдайда ұстауға қажетті жабдықтарды, арнайы техниканы сатып алу бойынша іс-шаралар көзделген.

Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтер сенімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру үшін алдағы 2018-2019 жж. жылыту маусымына дайындау бойынша барлық қажетті іс-шаралар жүргізіледі. 


Официальный интернет ресурс акима города Жанаозен

zhanaozen.gov.kz

Официальный интернет ресурс акима города Жанаозен

zhanaozen.gov.kz

Официальный интернет ресурс акима города Жанаозен

zhanaozen.gov.kz

Официальный интернет ресурс акима города Жанаозен

zhanaozen.gov.kz

Официальный интернет ресурс акима города Жанаозен

zhanaozen.gov.kz

Официальный интернет ресурс акима города Жанаозен

zhanaozen.gov.kz

Официальный интернет ресурс акима города Жанаозен

zhanaozen.gov.kz

Официальный интернет ресурс акима города Жанаозен

zhanaozen.gov.kz

    Контакты
  • +7 (72934) 71-550
  • +7 (72934) 71-849
  • uzenzhlu1@mail.ru
    Адрес
  • обл. Мангистау
  • г. Жанаозен
  • мкр. Самал, 21Б
город Жанаозен ГКП "ОзенЖылу" 2016 г.